Семейде Абай күнініне орай «Абай жолы 100 миль» ултрамарафоны өтіп жатыр. Оған еліміз бен қоса Қытай, Ресей мемлекеттерінен келген 20 желаяқ қатысуда. Жүйріктер «Семей-Бөрілі» аралығындағы 80 шақырымды, сондай-ақ «Семей-Жидебай» аралығындағы 160 шақырымды бір тәулікте бағындырмақ. Ұлттық спорт тарихында 100 мильдік қашықтықта марафон алғаш рет ұйымдастырлып отыр. Семейден шыққан жүйріктер Жидебайдағы мәреге бүгін түнде жетпек.
Рамазан Сәттарұлы, ұйымдастырушы:
Жарысқа шығатын 20 желаяқтың бәрі тәжірибелі. Осы кезге дейін 5-6 жыл шұғылданып бірнеше жарысқа қатысқандар. 10 тамыз-Абай күні жыл сайын осы жарыс өтіп тұрсын деген ұсыныс жасап жатырмыз
Ержан Жақып