Астанада жалған шот-фактура жасағандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жалған шот-фактура жасағандар сотталды

09.08.2023

Астанада жалған шот-фактура жасап берген қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Олар 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтағылар жалған шот-фактуралар беру арқылы 1 млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтаруға көмектескен. Олар бұл қылмысын 2021 және 2022 жылдары іске асырған.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу