Еліміздегі 600-ден аса кәсіпорын жұмысшыларға 4,4 млрд теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 600-ден аса кәсіпорын жұмысшыларға 4,4 млрд теңге қарыз

08.08.2023

Ал еліміздегі 600-ден аса кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд 400 млн теңге қарыз. Олар қызметкерлеріне жалақысын уақытында қайтармай қойған. Еңбекақысын даулап жүргендер бүгінде 18 мыңнан асады. Мұндай кәсіпорындарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 87 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен бірге жұмысшылардың айлығын белгілі бір мерзімде қайтару туралы шарт қойды. Нәтижесінде 15 мыңнан аса азамат 4 млрд теңгесін қайтарып алған. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу