Ақтөбеліктер көлікті заңдастыру үшін жалған құжатпен келген. Шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру барысында көлік иелерінің тасымалдауға жалған құжат беру фактілері жиілеген. Құжаттарды қабылдау кезінде полиция қызметкерлеріне төрт көліктің 1-ші қыркүйекке дейін шекарадан өткені туралы анықтамалары күмән туғызған. Сондай-ақ көлік құралының тіркеу куәлігі мен техникалық төлқұжатында да кінәрат табылған. Аталған фактілердің негізінде «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық істер тіркелді. Айта кетейік, биыл шілдеде 2022-ші жылдың қыркүйегіне дейін шеттен келген көліктерді тіркеуге өтінім қабылдау аяқталды. Шілденің ортасында деректерге сай, 206 мың көлік тіркеліп, мемлекеттік нөмір алды.