Елімізде көлік жүргізуші куәлігін алу талаптары өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көлік жүргізуші куәлігін алу талаптары өзгерді

08.08.2023

Бүгіннен бастап елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптарына өзгеріс енгізілді. Үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық сынақ тапсыратын кезде биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса жарты жыл бойы емтихан тапсыру құқығынан айрылады. Жаңа талаптарға сәйкес теориялық емтихан өтетін сыныптар арнайы қондырғылар, бейнебақылау камераларымен жабдықталуы тиіс.

Ал тәжірибелік емтиханды автомектептің көлігінде нұсқаушының қатысуымен тапсыруға рұқсат етіледі. Үміткерлерге берілетін тапсырмалар саны көбейіп, жүргізуші куәлігін алу процессі күрделене түсті. Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізілген өзгерістер жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мен жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталғанын атап өтті. 


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу