Биыл Астанада жаңадан 3 медициналық нысанның құрылыс аяқталады. Екі амбулаторлық кешен және патологоанатомиялық бюро пайдалануға берілмек. Одан бөлек, келесі жылдарға 10 медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 3-уі республикалық бюджет қаражатына салынбақ. Олардың арасында 2 перинаталды орталықтар бар.
Сондай-ақ жеке инвестиция тарту арқылы 36 млрд теңгеге 5 емхана құрылысы жоспарланып отыр. Ал апатты жағдайда тұрған №3 көпбейінді қалалық аурухана яғни, бұрынғы теміржол ауруханасы орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданған.