Биыл елордада автокөлік жолдарын салу мен жөндеу бойынша 30 жоба жүзеге асады. Сонымен қатар Тәуелсіздік көпірінің құрылысы аяқталады. Үкіметте Астананы дамыту бойынша Президент тапсырмаларын орындау барысы пысықталды. Шаһар басшысы 2035 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары мен көгалдандыру бойынша ақпарат берді. Үшінші жылу электр орталығы мен екі газ жылу станциясының құрылысы туралы баяндады. Сонымен қатар 44 шақырым су желісі салынып жатыр.
Дарын Сағитов