Түркістан облысында белгісіз біреулер құрылыс басында екі тұрғынды атып кеткен. Күдіктілер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, із суытқан. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы қайтыс болды. Сондай-ақ тағы екі ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция мән- жайды анықтап жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы