Елімізде алаяқтарға алданғандар көбейген. Жыл басынан бері мың жарымға жуық адамға қаскөйлер онлайн несие рәсімдеген. Былтыр олардың құрығына түскендер әлдеқайда аз еді. Оңай олжа көздегендер негізінен банк немесе құзырлы орган қызметкері болып хабарласады. Кейін адамдардың жеке мәліметтеріне қол жеткізіп, несие рәсімдейді. Сондықтан полицейлер аса сақ болуға шақырып отыр.
Досжан Маратұлы