Қырғыз азаматтарының Қазақстанға кіру және болу тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Үкімет арнайы қаулы әзірледі. Онда айырқалпақты ағайын Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап, 90 күнтізбелік күнге дейін тұруына рұқсат етілмек. Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары біздің елде 30 күн ғана бола алатын. Қаулы Ашық үкімет талқылау алаңында жарияланды.