«Теміржолсу-Маңғыстау» серіктестігінің бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теміржолсу-Маңғыстау» серіктестігінің бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңге жымқырған

04.08.2023

Маңғыстау облысындағы «Теміржолсу-Маңғыстау» серіктестігінің бұрынғы бас есепшісі 225 млн теңгені қалтаға заңсыз басқаны анықталды. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше, ол құйтырқы әрекетін 2021 жылдың желтоқсанынан бастап, биылғы мамыр айына дейін жасап келген. Салық төледім деген желеумен серіктестік қаражатын жеке тұлғаларға аударып, артынша қайтарып алып отырған. Осылайша кәсіпорыннан заңсыз иемденген қаржыны жеке қажеттіліктеріне жұмсап келіпті. 


Хабарламаларға жазылу