Шымкентте субұрқақтар істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте субұрқақтар істемейді

04.08.2023

Шымкентте жаз басталғалы субұрқақтардың істен шығуы жиілеген. Ал бұған аптап ыстықта салқындайтын жер таппай жүрген жұртшылық наразы. Айтуларынша, саябақтар мен басты көше бойындағы фонтандар әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Мәселен, қалада қазір 37 субұрқақ болса, оның басым бөлігі қаңсып тұр. «Әсіресе, халық көп шоғырланатын Жеңіс саябағы мен Абай паркіндегі, орталық көше бойындағы фонтандардың іске қосылғанынан тоқтап тұрған кезі көп», - дейді тұрғындар. Ал салаға жауапты басқарма өкілдерінің сөзінше, субұрқақтардың істен шыққан сорғысы мен тот басқан құбырларын жөндеуге мердігерлер енді ғана кіріскен. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсының қатысушылары өзара соттасып, іс созбалаңға салынған. Салдарынан жеңімпаз компания істен шыққан 7 фонтанды жөндеуді енді ғана қолға алған. Ал қалған субұрқақ кезең-кезеңімен техникалық тексеруден өткізіледі.

Маржан Қаныбек, қала тұрғыны:

Біздің қаламызда негізі осындай субұрқақтар өте көп. Бірақ оның қосулы тұрғаны санаулы-ақ. Тәукехан көшесінің бойындағы «Қызғалдақ» субұрқағымыз да істегенінен істемей тұрғанын жиі көреміз.

Мұхамеджан Сейітжанов, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Негізі бұл қыстан бері келе жатқан. Өздеріңізге белгілі мемлекеттік сатып алу конкурсы мердігерді анықтайды. Бір-біріне арыз жазған. Содан осылай созылған. Қазір шілденің 11-нен бастап келісімшартын алды.


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу