Ресейге салынған санкция саны 14 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге салынған санкция саны 14 мыңнан асты

04.08.2023

Ресейге салынған санкция саны 14 мыңнан асты. Көрші елде биыл жыл соңына дейін инфляция 5,8 пайызға жетуі мүмкін. Егер экономикалық ахуал нашарлай түссе 6,5 пайызға дейін көтерілуі ықтимал. Елдің Орталық банкі осындай болжам жасады. Ұлттық валюта құнсызданып, бір доллар 100 рубльге жуықтады.

Қаржы нарығын тұрақтандыру үшін қыркүйек айында шикізаттан түскен қаражаттан 40 миллиард рубль аталған бағытқа бағытталмақ. Дегенмен, мамандар жылдың екінші жартысында жағдай нашарлайды деген болжам жасап отыр. «Көптеген тауарлар мен қызметтер қымбаттайды», - деді. Осы себепті Орталық банк пайыздық мөлшерлемені 9,5 пайызға дейін көтеруі мүмкін.

Инна Андронова, экономист:

Шыны керек, экономикалық аухал қиындай түсті. Ең алдымен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар аударғанымыз жөн. Өнеркәсіп, технологияны дамыту қолға алу маңызды. Себебі Ресейге қарсы санкциялардың саны күн сайын өсуде.


Индира Бегайдар 

Хабарламаларға жазылу