Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі күрт азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше бірінші жартыжылдықта фармецевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5 миллиард теңгеден асқан. Десе де бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 36 процентке аз. Ал өндіріс көлемі кеміген соң, биыл баға 11 пайызға көтерілген. Айта кетейін, медициналық препараттар өндірісімен елімізде 12 кәсіпорын айналысады.
Досжан Маратұлы