Елде 8 мың шақырым жол жөндеуден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 8 мың шақырым жол жөндеуден өтеді

03.08.2023

8 трлн теңгеге 8 мың шақырым жол жөнделмек. Елімізде Инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі Ұлттық жоспары бекітілді. Оған сай 7 халықарылық көлік дәлізін тақтайдай қылу көзделген. Оның жалпы ұзындығы 8 мың шақырым. Жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 8 триллион теңге жұмсалмақ. Десе де инфляция шарықтап, жол құрылысы материалдары қымбаттап жатса, бұл қаржы 12 триллион теңгеге дейін көбейтілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бұл еліміздің көлік транзиттік әлеуетін арттырып, табысты еселей түседі дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу