Мұратбек Хайролда «Қазақстан дауысы» байқауында «Лирикалық әндерді орындаудың һас шебері» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұратбек Хайролда «Қазақстан дауысы» байқауында «Лирикалық әндерді орындаудың һас шебері» атанды

21.12.2015
Мұратбек Хайролда «Қазақстан дауысы» байқауында «Лирикалық әндерді орындаудың һас шебері» атанды
Мұратбек Хайролда «Қазақстан дауысы» байқауында «Лирикалық әндерді орындаудың һас шебері» атанды


Жобаға Астана қаласынан келген. Жасы - 24-те. Алғашқы кезеңде жабық шымылдық ішінде ән салған оған тәлімгерлер арасынан Мәдина Сәдуақасова мен Нұрлан Албан бұрылған еді. «Өмір өтті» (Е.Жақыпбек/Б.Омаров) әнін орындаған үміткер Нұрлан Албанды таңдады.

«Шайқас» кезеңінде Абылай Аманбаевпен Шөмішбай Сариевтің өлеңіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада» әнін орындады. Ал, «Нартәуекел» кезеңінде «Өмір өтті» (Е.Жақыпбек, Б.Омаров) әнін орындап, тәлімгерінің таңдауына ілікті.

Тікелей эфирде де тыңдармандардың жоғары дауысына ие болып келді.

Нұрлан Албанның тобынан үздік шыққан үміткер соңғы сайыста белгілі әнші Ғаділбек Жанаймен бірге «Ханшайымым» (Р.Зайытов/Ғ.Жанай) әнін орындады. «Бұл - тыңдарманын тапқан ән. Сондықтан, халықтың көңілінен шығады деген үміттемін» деген ол бұл жолы да жоғары дауысқа ие болды.

Гранд-финалдың екінші кезеңінде тәлімгерімен «Ұлы дала» әнін орындап шықты. Ал, оған жеңіс әкелген ән - «Туған жер» (А.Дүйсенбі, Х.Шаңғалиев).

Мұратбек Хайролда - «Қазақстан дауысы» байқауында «Лирикалық әндерді айтудың һас шебері» деген бағаға ие болды. Мәдина Сәдуақасова «Әнге, музыкаға адалдығыңның арқасында бүгінге дейін жеттің», деген пікірін білдірсе, Алмас Кішкенбаев «Мұратбек Хайролда - дайын тұрған әнші», деген бағасы берді.

Айта кетейік, ол жобаның бірінші маусымына да қатысып, Медеу Арынбаевтың тобында өнер көрсеткен.

Хабарламаларға жазылу