Жасанды интеллектіні қай салада қолдануға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасанды интеллектіні қай салада қолдануға болады?

03.08.2023

Жасанды интеллектіні сауатты пайдалануды оқушыларға үйрету керек. Астаналық мұғалім жаңа технологияларды дұрыс пайдалану арқылы көп жұмысты оңтайландыруға болады дейді. Сондықтан, бұл дағдыны кез-келген азамат меңгергені абзал деген пікірде. Бұл құралды қай салада қолдануға болады?

Серік Селеубайұлы, тілші:

Бұл жасанды интеллект жасап шығарған туынды. Одан бөлек түрлі қосымшалар адамның түрін, даусын өзгерте алады. Салдарынан ғаламтор кеңістігінде жалған фото мен бейнелер көбейіп кетті. Ал, чат-боттарды қазақстандықтар қандай пайдалы бағытта қолданып жүр? Зерттеп көрейік.

Журналист Марғұлан Ақанның жасанды интеллкетке қызығушылығы былтыр басталған. Сондықтан жан-жақты зерттеп көреді. Тиімділігіне көз жеткізгеннен бері белсенді қолданып жүр.

Марғұлан Ақан, журналист:

Мен міндетті түрде сұрадым. Жалпы менде Digital first content бойынша кейс бар, бірақ мен ол кейстарды жинақтай алмай отырмын. Менде көп практикалық жұмыс бар деп едім. Мен осындай-осындай жұмыс атқардым деп мен оған сұрау салдым. Ол маған кәдімгі 1 сағатқа, 2 сағатқа арналған схемасын дайындап берді, тақырыптармен, мазмұнымен қалай істеу керек екендігін. 

Химия пәнінің мұғалімі Динара Сағадатова да жасанды интеллект тақырыбын зерттеп жүр. Өзі сабақ беретін мектепте оқушылар үй тапсырмасын ChatGPT арқылы орындап жүргенін көрген ол жаңа технологиямен танысу керегін түсінеді. Өйткені, замануи құралдар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, жаңа дағдыларды қажет етеді. Сондықтан, балаларға чатботтарды қалай дұрыс пайдалану керек екенін үйрету керек деп санайды.

Динара Сағадатова, мұғалім:

Жасанды интелеллектке қалай сұрау жасауға болатынын үйретуіміз керек дұрыс. Өйткені ол жерде иә табуға болады нешетүрлі контент құрастырып береді. Бірақ сапасы дұрыс болмауы мүмкін. Егер мен 1-2-3 жасанды тст жасаған кезде оладың жауаптары басқаша болады. Сұрақтарын басқаша құрастырсам жауаптары одан да басқаша детальдар қосылады.

Жасанды интеллект қазір маркетинг, дизайн, ІТ сияқты көптеген салаларда қолданылады. Түрлі тапсырма орындай алатын жүзден астам қосымша бар. Ал мамандар бұл құралдардың пайдасы мен зиянын зерттеп келеді. Тіпті жеке деректерді сақтау мақсатында чат-боттарға тыйым салған жағдайлар да болған. Дегенмен жаңа технология өмірдің бір бөлшегіне айналып келеді.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу