Швейцарияда ауыл шаруашылығы аптап ыстықтан зардап шегуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияда ауыл шаруашылығы аптап ыстықтан зардап шегуі мүмкін

03.08.2023

Аптап ыстық ауыл шаруашылығы өндірісін тежеуі ықтимал. Мұны Дүниежүзілік метеорология ұйымы ескертті. Айта кетсек, биыл Тынық мұхиттың шығысы мен орталығына, эль-Ниньо феномені 7 жылдан бері алғаш рет оралды. Құбылыстан су жылынып, атмосфераға жылу көп бөлініп жатыр.

Әдетте 9-12 айға созылатын бұл құбылыс кезінде, күн ерекше ысып, кейбір елдерді қуаңшылық жайлайды. Енді бірінде су тасиды. Осылардың салдарынан миллиондаған гектар егістік алқаптары жойылуы мүмкін.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу