Атырау облысында көкжөтел жұқтырғандар саны 23 есе көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында көкжөтел жұқтырғандар саны 23 есе көбейген

03.08.2023

Атырау облысында көкжөтел жұқтырғандар саны 23 есе көбейген. Санитар мамандар жыл басталғалы 46 тұрғынның бактериялы инфекцияға шалдыққанын айтады. Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Бұған коронавирус пандемиясынан кейін көкжөтелге қарсы вакцинацияның төмендегені себеп болған. Ауру жұқтырғандардың 98%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың 92%-ы көкжөтелге қарсы профилактикалық екпе алмаған дейд мамандар. Індеттің ілмегіне ілінгендер Құрманғазы мен Махамбет аудандарынан да анықталған.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу