Израильде сот реформасына қарсы шеру жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде сот реформасына қарсы шеру жалғасып жатыр

03.08.2023

Израиль астанасы Тель-Авивте сот реформасына қарсы ауқымды шеру әлі жалғасып жатыр.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, митингке мыңдаған адам жиналған. Израильде мұндай акциялар жыл басынан бері қайта-қайта өтіп, оларға миллиондаған тұрғын қатысты. Жемқорлық үшін айыпталған премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот жүйесін қайта қарап, Жоғарғы соттың пәрменін шектегісі келеді. Оның сөзінше, мұндай реформа билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін қажет.

Алайда халықтың бір бөлігінің ойынша, бұл өзгеріс биліктің соттарға ықпалын күшейтіп, Израильді демократиялық бағыттан тайдырып, коррупцияға жол ашуы мүмкін.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу