Елордада Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы басталды

03.08.2023

Елордада Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы басталды. Іскерлік шараға 200-ден астам делегат келді. Олардың арасында қаржы, энергетика, фармацевтика, көлік-логистика секілді бірқатар саланың өкілдері бар.

Дарын Сағитов, тілші:

Қазақстан үшін Ауғанстанның көлік-логистикасы өте тиімді. 200 млн халқы бар Пәкістан нарығына тура жол. Бұған қоса, Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне, тіпті, Африкаға шығуға болады. Сондықтан іскерлік байланыс әуелі отандық кәсіпкерлер үшін ұтымды. Қазақстандық экспорт көлемі артады.

Бизнес форумды Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ашты. Сонымер қатар, Ауғанстанның коммерция және индустрия министі Нұриддин Азизи баяндама жасайды. Жалпы іс-шара аясында энергетика, коммуникация, ауыл шаруашылығы, транзит мәселелері пысықталады деп жоспарланған. Форум нан кейін ауған тауарлпрының көрмесі ашылады.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу