Жол-көлік апатынан қайтыс болатындар саны азаймай тұр. Қазақстан жолдарында күніне 10 адам көз жұмады. Оның біреуі – бала. Жыл басынан жол апаты салдарынан жалпы 72 бала қайтыс болды. 1 мың 152-сі түрлі жарақат алған. Ішкі істер министрілігінің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың 67 пайызында бүлдіршіндер көлік ішінде болған. Қалғаны – жаяу жүргіншілер. Қайғылы оқиғалардың көбі республикалық жолдарда тіркелген. Жыл басынан мұндай жағдайлар Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында көп тіркеліп отыр.
Дарын Сағитов