Атыраулық зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр

02.08.2023

Атыраулық зейнеткерлер ағылшын тілін үйреніп жүр. Оқу-әдістемелік кешені ата-әжелерге шет тілін тегін меңгертуге кіріскен. Қазір орталыққа шет тіліне құмартқан 60 жастан 75 жасқа дейінгі 30-дан астам қария келіп жүр. Оларға 10-ға жуық оқытушы білім береді.

Ұстаздар ағылшыннан бөлек, қазақ және орыс тілдері де үйретіледі. Жобаның нәтижесінде айналасы 1 жарым жылда 40-қа жуық зейнеткер тіл үйреніп, сертификат алған.

Назила Мұғаяқызы, зейнеткер:

Санап үйрендік, оқып, жазып үйрендік. Көшеде мысалы шетелдік азаматты көрсек, ол қиналып тұрған жағдай болса - біз көмектесе алатын жағдайдамыз.


Жандос Темірғали 

Хабарламаларға жазылу