Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы шошқа кешенінде 4 жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға кеше болған. Жұмыс ауысымы аяқталған соң 4 адам мал бордақылау алаңынан шықпаған. Іздестіру барысында олардың денесі кәріз құдығынан табылды. Полицияның болжамынша, олар улы газдан мерт болуы мүмкін. Қазір сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру басталды.
Шерхан Жамбылұлы