Қытайда «Доксури» дауылы әкелген нөсер жауын мен су тасқыны әлі жалғасып жатыр. Табиғи апат құрбандарының саны 20-ға жеткен. Марқұмдардың көбі - ел астанасы Бейжің тұрғындары. Сонымен бірге Тяньцзинь және Хэбэй провинцияларында жағдай күрделі. Соңғысында 100 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Хабар-ошарсыз кеткендер бар.
Ел билігі тасқын жайлаған аймақтардағы құтқару жұмыстарына 15 млн доллар бөлді. «Доксури» тайфуны Қытайға өткен аптада жетті. Бұған дейін дауыл Филиппин және Тайвань аралдарының халқын әбігерге салған еді.
Арай Төлегенқызы