Қазақстан мен Грузия сауда, көлік және логистика салаларын одан әрі дамытуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Грузия сауда, көлік және логистика салаларын одан әрі дамытуға ниетті

01.08.2023

Алматыда Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили кездесті. Олар сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Жалпы, осы жылдың 6 айында өзара сауда көлемі шамамен 30%-ға өсіп, 190 млн долларды құрады. Премьер-министр екіжақты қарым-қатынаста транзиттік-көлік секторындағы ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтті.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу