Ақмола облысы Степногорск қаласында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұған шаһардағы 90 пайыз тозған су құбырларының жиі жарылуы себеп. Екі күнде мұндағы желілерден 50 рет ақау шыққан. Салдарынан қазіргі уақытта 400-ге жуық тұрғын ауыз сусыз отыр. Әкімдік халыққа тіршілік нәрін тасымалдауға көшкен. Сала мамандары жағдай өзгермесе, қала ауыз сусыз қалуы мүмкін дейді.
Ұмсындық Наурызбаева