Қарағандыда қайтыс болған ерекше баланың отбасына көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қайтыс болған ерекше баланың отбасына көмек беріледі

01.08.2023

Қайтыс болған ерекше баланың отбасына көмек беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. Оның айтуынша әкімдік қызметкерлері қара жамылған отбасына арнайы барып, көңіл айтты. Ата-анасына жан-жақты көмек көрсетеміз деді өңір басшысы.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

Мәйітті тасу бойынша, одан кейін бүгін де жазып жатыр, үй тұрмысына байланысты, іштегі жылу мәселесі бойынша сұрақтар көтерген. Ол жағынан көмектесетін боламыз. Негізі әкесі жұмыс істейді. Анасы үйде. Балалары бар тағы кішкентай. Екі баласы бар. Сондықтан өзіміздің тарабымыздан көмек жасайтын боламыз.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу