Қытай астанасында құтқару операциялары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай астанасында құтқару операциялары жалғасып жатыр

01.08.2023

Қытай астанасы Бейжіңнің шеткері аудандарында құтқару операциялары жалғасып жатыр. «Доксури» тайфунымен жеткен алапат жауыннан лай көшіп, көшелер өзенге айналған. Осыған байланысты өткен түні ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Әлі жүздеген тұрғын топан су жайлаған кварталдарда қалып қойған. Екі адам қаза тапқан. Тайфунның қуаты әлсіреді. Бірақ метеорологтардың хабарлауынша, кейбір аудандарға төнген тасқын мен өзге де геологиялық апаттар қаупі әлі сейілген жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу