Қызылорда облысында банк қызметкері жұмыс орнынан 600 млн теңгеден астам ақша ұрлаған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Касса қызметкерінің 1 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, халаттың жеңіне орағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотқа соңғы 3,5 жылда 158 млн теңге түскені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.