Жазғы универсиадада қазақстандық таэквондошы алтыннан алқа тағынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы универсиадада қазақстандық таэквондошы алтыннан алқа тағынды

31.07.2023

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік XXXI-жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының студент спортшылары бүгін бір алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге қол жеткізді. Таэквондошылар бәсекесінде сынға түскен Рита Бекішева Универсиада чемпионы атанды. Ол финалға дейін төрт жекпе жек өткізіп, қарсыластарының барлығынан бас түссе, шешуші кездесуде тайпейліктен айласын асырып алтыннан алқа тағынды. Бұл Қазақстан құрамасының Универсиададағы алғашқы алтыны. Сонымен қатар көркем гимнастшы қызымыз Елжана Таниеваның бір өзі үш жүлде алды. Жекелей жаттығуда доппен және таспамен өнер көрсетуде күміспен күптелсе, шығырықпен қолаға қол созды. Сонымен қатар садақ атуда Дина Тұрсынбек те екінші орын алды. Ал дзюдошы Бекарыс Сәдуақас нысына көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орыннан көрінді. Студенттер додасы 8 тамызға дейін жалғасады. Бұл сында 113 елдің өкілі бақ сынап жатыр.

Рита Бекішева, Дүниежүзілік жазғы универсиада чемпионы:

Таңертең ұйқымнан тұрғаннан бастап алтын аламын деген ниетпен тұрдым. Ниетім орындалды. Шыны керек, оңай болған жоқ. Барлығы мықты ғой. Еңбектің арқасында алтын медальге жеттім.

Телжан Күдеров

Хабарламаларға жазылу