Биылғы шілде – тарихтағы ең ыстық ай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы шілде – тарихтағы ең ыстық ай

31.07.2023

Биылғы шілде жаһандық ауа-райын бақылау тарихындағы ең ыстық ай атануы мүмкін. Адамзат кейінгі 120 000 жылда алғаш рет мұндай аптапқа куә болып отыр. Еуропа одағының климаттық қызметінің мәліметінше, әлемдегі ең жылы күн 6-шы шілдеде тіркелген екен. Сонымен қатар ең ыстық 23 күн де осы айда байқалыпты. Зерттеушілердің сөзінше, температураның мөлшерден тыс көтерілуіне қазбалы отын өндірісінен атомосфераға улы қалдықтар мол тарап, озон қабаты жұқарған. Салдарынан Күн сәулесі жерге көп өткен. Екінші фактор - Эль-Ниньо феномені. 2-7 жылда бір қайталанатын бұл құбылыс кезінде Тынық мұхиттың шығыс бөлігінің суы жылынып, атмосфераға ыстық ауа әдеттегіден көбірек бөлінеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу