Мемлекет басшысы Марат Омаровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Марат Омаровты қабылдады

31.07.2023

Биыл «Отбасы банк» арқылы 29 мың адам баспаналы болды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаев айтты. Оның сөзінше ірі бизнес 115 млрд теңгеге жуық қаржы алды. Даму қоры арқылы 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына үлкен көңіл бөлініп отыр.

Қанат Шарлапаев , «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

Жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсеттік. Қазагрофинанс арқылы 3800 ге жуық ауыл шаруашылық техникасына қаржы бөлінді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Ол бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде айтты. Сонымен қатар экономиканы монополиядан арылту үшін қабылданған шаралар туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы істі жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу