Биыл 6 айда елорда тұрғындары 8 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегін алған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов мәлімдеді.
Оның 7,5 млрд теңгесі тегін медициналық кепілдендірілген көмек аясында, ал құны 406 млн теңгеден астам дәрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен берілген. Қор мәліметінше, емхана дәріханаларында барлық қажетті препараттар мен дәрілік заттар бар.
Серік Селеубай