Лондонда ауаны ластағаны үшін салық төлейтіндердің саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда ауаны ластағаны үшін салық төлейтіндердің саны артады

31.07.2023

Лондонда ауаны ластағаны үшін салық төлейтіндердің саны артады. Қала әкімшілігі орталыққа ғана емес шеткі аудандарға да ескі көліктердің кіргені үшін жүргізушілерден ақы талап еткелі жатыр. Жоғарғы сот бұл бастаманы заңды деп тапты.

Лондонда тозығы жеткен көлік иелері қала орталығына кіргені үшін 2019 жылдан бері салық төлеп келеді. Күн сайын шамамен 13 стерлинг фунтынан, яғни 7 мың теңгесінен қағылғысы келмегендер қоғамдық көлікке мініп немесе орталықты сырт айналып өтуге мәжбүр болды. Нәтижесінде қоршаған орта айтарлықтай тазарды. Енді шаһар басшысы ауаны ластағандар үшін салықты шеткі аймақтарға да енгізіп отыр. 29 тамыздан бастап, қоршаған ортаға зиян келтірген көліктер қала шетінде жүрсе де ақша төлеуге міндетті.

Садик Хан, Лондон қаласының мэрі:

Шешім қабылдау оңайға соқпады. Бірақ жыл сайын 4 000 мыңнан астам Лондон тұрғынының мерзімінен бұрын қайтыс болуы тікелей ауаның ластануымен байланысты. Балалар тыныс алудың айықпас ауруларымен ауыруда. Ересектер асма, қатерлі ісік сияқты дерттерге душар болып жатыр.


Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу