Студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге министрлер мен өңір әкімдері жауапты – Смайылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге министрлер мен өңір әкімдері жауапты – Смайылов

31.07.2023

«Студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге министрлер мен өңір әкімдері жауапты». Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деді. Биыл 1400 орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін.

Бұл тізімде «Астана медицина университетінің» күрделі жөнденуден өтіп жатқан жатақханасы да бар. Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді, сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығының мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету - оқу орындарына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Ғылым және Оқу ағарту министрліктері бұл жағдайды толығымен бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ әкімдік тарапынан да үйлестіру жұмыстары жеткіліксіз. Ғылым және Оқу ағарту министрліктері, өңір әкімдері, сіздер студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге, нысанды уақтылы беруге тікелей жауаптысыздар.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу