Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды

31.07.2023

Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. Тарихи оқиға Әзербайжанның мәдени астанасы Шуша қаласында болды. Жаңа бірегей құрылымды жасақтауға бағытталған құжатқа 4 түркі мемлекеті – Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан келісті.

Құрылымның негізгі мақсаты - еңбеккерлердің әлеуметтік, еңбек, кәсіптік, экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды біріктіру.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу