Түркияның оңтүстік-шығысында табиғат жанашырлары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның оңтүстік-шығысында табиғат жанашырлары шеруге шықты

28.07.2023

Түркияның оңтүстік-шығысында табиғат жанашырлары шеруге шықты. Олар көмір кенішін ұлғайту үшін ормандағы ағаштардың оталуына наразы. Шеру 4 күн қатарынан өтіп жатыр. Мұғла провинциясында демонстранттарды орман алқабына кіргізбеу үшін брондалған көліктер мен қауіпсіздік күштері тартылды. Полициямен қақтығыс болған.

Тәртіп сақшылары демонстранттарды тарату үшін су және газ қаруын қолданды. 14 адам ұсталған. 2020 жылы орман шаруашылығы министрлігі Ақбелен аймағындағы орман алқабының бір бөлігін көмір кенішіне беруге рұқсат етті. Алайда бұған қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу