Халықаралық іздеу жарияланған «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова елге жеткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ол Біріккен Араб Әмірліктерінде қолға түскен.
Қазір Астананың тергеу изоляторында отыр. Шынар Мұқтарова «Оператор РОП»-тың экс-басшысымен бірге утиль алымнан түскен 920 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айя Мүтәлі