Филиппин аралдарында қайық суға батып, 19 адам қаза тапты. 40- тан астам жолаушы аман-есен құтқарылған. Су көлігінде бас-аяғы қанша адамның болғаны белгісіз. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Қайғылы апатқа қатты жел себеп болуы мүмкін. Дауыл тұрған сәтте жолаушылар арасында қарбалас басталып, барлығы қайықтың бір жағына жиналған. Сол кезде ол бір бүйіріне қарай аударылып барып, суға батқан.
Арай Төлеген
Арай Төлеген