Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несие төлеу мерзімін кейінге шегере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несие төлеу мерзімін кейінге шегере алады

27.07.2023

Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несие төлеу мерзімін кейінге шегере алады. Үкіметте өткен жедел кеңесте осындай шешім қабылданды. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, аптап ыстық пен жауын-шашынның аздығынан кейбір шаруалар зардап шеккен. Сондықтан оларға қолдау көрсетілмек. Әрі биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу