Жаһандық экономикалық өсім биыл 3 пайызға дейін төмендейді. Бұл Халықаралық валюта қорының болжамы. Экономика әсіресе дамыған елдерде баяулап қалған. Бұған инфляцияның жоғары болуы, қатаң ақша-несие саясаты ықпал етіп отыр. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, әлемдік экономика алдында тұрған өзекті мәселе - инфляция деңгейін төмендету.
Дегенмен Украинадағы соғыс, ауа-райындағы өзгерістер инфляцияның өсіп, қаржы нарықтарының құбылуына әкелуі мүмкін. Сол себепті экономистердің пікірінше, климаттың өзгеруі, халықаралық сауда саласында ғаламдық ынтымақтастықты арттыру маңызды.
Арай Төлегенқызы