Денсаулық сақтау министрлігі ел ішінде ең көп таралған ауру түрлерін атады. Былтырғы жиналған деректер бойынша, ересектердің арасында тыныс алу органдарының дертіне шалдыққандар көп болып отыр.
Бір жылда 11 мың адамнан асқан. Мұнан соң қан айналым жүйесі, зәр шығару, жыныс мүшелерінің ауруына шалдыққандар тізімді жалғайды. Сондай-ақ ас қорыту жүйелері мен тері аурулары да жасөспірімдер арасында көп таралғандығы анықталған.
Ержан Жақып