Елімізде сүт өнімдерін таңбалау өзгереді. Стандарттау және метрология институтының хабарлауынша, бұл өнім қауіпсіздігін арттырып, тұтынушылардың құқығын қорғау үшін қажет. Техникалық регламентке енгізілген жаңашылдық қыркүйектен бастап күшіне енбек.
Енді кәсіпкерлер сүт және сүт өнімдерінің қаптамасына тауарлардың құрамын толық жазуға міндеттеледі. Әсіресе өсімдік майының бар-жоғы туралы ақпаратты хабарлауы тиіс. Мамандардың пайымынша, мұндай өзгеріс өнімдердің экспортын арттыруға да оң әсер етеді.
Досжан Маратұлы