Күзгі егін жинау кезінде шаруаларға дизель отыны арзан бағада сатылады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, егін маусымы басталғанда сұйық отынды фермерлер 15 пайызға төмен бағада ала алады. Яғни қазір 1 литрі 295 теңге тұратын дизель 257 теңгеден беріледі. Жеңілдік науқаны шілде айынан қарашаға дейін жүреді. Ол үшін Үкімет 426 мың тонна болатын дизель отынын бөліп отыр.
Айя Мүтәлі