Қазақстандықтарды алдап, 5 млн теңгесін қалтаға басқан алаяқ ұсталды. Ақмола облысының тұрғыны көлік сату туралы жалған жарнама беріп, хабарласқан азаматтардан алдын ала төлем талап еткен. Алайда ақша жіберілген бойда байланысқа шығуды тоқтатқан. Полиция әзірге 27 жасар Ақмола облысы тұрғынының осындай 10 қылмысқа қатысы барын анықтады.
Аталған факті бойынша Алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Серік Селеубай