Алматы облысы Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды

25.07.2023

Алматы облысы Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды. Ол Малайсары ауылына кіреберіс жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, мемлекетке 37 млн теңге залал келтірді деген күдікке ілікті. Экс-басшы уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 



Хабарламаларға жазылу