Алжирде орман өртінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті. Марқұм болғандардың арасында сарбаздар бар. Жалын елдің 11 аймағын шарпыған. 1,5 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті бақылауға алу үшін 7 жарым мың маман күресіп жатыр. Алайда олардың жұмысын аптап ыстық қиындатып отыр. Өңірде ауа температурасы +49 градусқа дейін жоғарылаған.
Арай Төлегенқызы