Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

24.07.2023

Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысында жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол беріліп келген. Білім беру саласында да жемқорлық азаймай тұр. Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою үшін «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру жалғасады.

Бұл бастама қолға алынғаннан бері 21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетілді. Жалпы жыл басынан бері елімізде 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 700-ден астам адам ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелген.

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларға баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ алдын алу шараларының аса маңызды екенін айтты. 


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу