Жалған техбайқау құжаттары жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған техбайқау құжаттары жойылады

24.07.2023

Жалған тексеру белгілері анықталған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді. Жаңа ереже бойынша диагностикалық картадан бас тарту кезінде автокөлік иесіне техникалық байқаудан қайта өту қажеттілігі туралы SMS хабарлама келеді.

Яғни, сіз техникалық тексерістен өткен орталықтың жұмысы тоқтатылды деген сөз. Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған. Ал техникалық байқаудан уақытылы өтпегендер 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу